Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жыл волонтері» Халықаралық конференцияны өткізу туралы

«Жыл волонтері» Халықаралық конференцияны өткізу туралы

07.12.2020 1199 0

Іс-шара сілтемелері:

YouTube:  https://youtu.be/9BMxLptcWEM

Facebook: https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/  

                   https://www.facebook.com/qazvolunteer.kz/

 

Бүгін сағат 11.00-де «Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтеді. 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Бүгін ұлттық волонтерлер қозғалысы өзінің шарықтау шыңына жетті. Оған волонтерлердің COVID-19-ға қарсы күреске қатысу деңгейі дәлел бола алады.

«Қазақстандағы «Волонтер жылы» біздің заманымыздың негізгі жаһандық дағдарысына және екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен проблемаға айналған COVID-19 пандемиясымен тұспа-тұс келді. COVID-19 миллиардтаған адамды оқшаулаған кезде, ол мыңдаған волонтерлерді бетке арналған маскалар тігу мен көршілес қарт кісілерге сауда жасауға көмектесуден бастап, виртуалды концерттер мен пилатес сабақтарына дейін көптеген инновациялық тәсілдерді қолдануға итермеледі. Оқшаулану және әлеуметтік қашықтық сақтау жағдайында волонтерлер өзгерді және әлі де COVID-19-ға қарсы күресте шешуші рөл атқарады», - дейді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жыл сайын 1 миллиардқа жуық адам өз қоғамдастықтарына волонтерлік көмек көрсетуге өз уақыттарын жұмсайды деп есептейді. Онлайн конференция аясында «COVID-19 халықаралық тәжірибесі», «Волонтерлік саласындағы IT технологиялар (сайттар, мобильді қосымшалар және т.б.)», «Волонтерлік қызмет туралы Заң/волонтерлікті қолдау стандарттары», «Волонтерлердің мемлекеттік және қоғамдық бизнес құрылымдарымен өзара іс-қимылы» секілді өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.

 

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., волонтерлердің республикалық Фронт-офисі, «QazExpoCongress» ҰК С-2.4 павильоны»

I бөлім - министрдің қатысуымен пленарлық отырыс сағат 11.00-ден 12.00-ға дейін

II бөлім - диалог алаңдары сағат 14.30-дан 16.00-ға дейін.

 

Диалог алаңына барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Конференцияға қатысу үшін келесі сілтемелер арқылы өту қажет:

COVID-19 халықаралық тәжірибесі:

YouTube:

https://youtu.be/IzXfKKaRIDc 

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/87191119570?pwd=Y1FpSjR6NXcrb1RpMnFEY2tKSHRoZz09  

 

Волонтерлік саласындағы IT технологиялар (сайттар, мобильді қосымшалар және т.б.)

YouTube:

https://youtu.be/lkORy-6mCkc   

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/83072108432?pwd=UEl1NVZzMmtQVUpVSnQzKzRlUmJOUT09  

 

Волонтерлік қызмет туралы Заң/волонтерлікті қолдау стандарттары:

YouTube:

https://youtu.be/naFzBDvEoO8    

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/82117082479?pwd=ODVXeFRUaHRmc0dISFV1RjZxWVZXUT09  

 

Волонтерлердің мемлекеттік және қоғамдық бизнес құрылымдарымен өзара іс-қимылы:

YouTube:

https://youtu.be/sbwSNQJljNw

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/87687724288?pwd=MHVGSjJQbXRMekN0dUR0N2RiUHgxZz09

 

Конференцияға қатысу үшін келесі нөмір арқылы волонтерлердің республикалық Фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады.+7 708 706 42 42

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 565 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1370 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3197 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена