Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордалықтар ұлы Абайға арналған жаңа челлендж бастады

Елордалықтар ұлы Абайға арналған жаңа челлендж бастады

11.08.2020 1357 0

Нұр-Сұлтан тұрғындары қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай #Абай175 #Abay #Abai #Абай музыкалық челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай әнін бірінші болып түрлі салада қызмет ететін мамандар орындады, олар - дәрігерлер, автобус жүргізушілері, полицейлер, құтқарушылар, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ волонтерлер.

Оларға қазақстандық эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов қолдау білдірді. Барлығы сүйіп тыңдайтын, халықтың құлағында жатталып қалған «Көзімнің қарасы» әні жаңаша шырқалды. Тұрғындар композицияны шырқап қана қоймай, оны түрлі аспаптарда да орындады.

Музыкалық челленджге қатысушылар қазақ даласының ұлы есімдерін бірге қолдауға және бастамаға қатысуға шақырды.

«Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді барша қазақстандықтарға жолдаймыз. Біз біргеміз», – дейді еріктілер.

Еске сала кетейік, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың туғанына 175 жыл толуын атап өту туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні мерекесі болып бекітілді.


Дерек көз: https://lenta.inform.kz/kz/elordalyktar-uly-abayga-arnalgan-zhana-chellendzh-bastady_a3681649 

https://24.kz/ru/news/culture/item/415082-zhiteli-stolitsy-zapustili-chellendzh-k-175-letiyu-abaya 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 69 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 81 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 118 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена