Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Егіндікөл ауданының тұрғыны провизорлық стационардағы жұмыс туралы айтты

Егіндікөл ауданының тұрғыны провизорлық стационардағы жұмыс туралы айтты

02.08.2020 1423 0

Ел үшін қиын кезеңде волонтерлер көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Бұл адамның өз Отанына, отандастарына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Маған сеніңіз, барлығы бірдей қауіп-қатерге душар бола отырып, алдыңғы шепте болуға келісе бермейді, бірақ өзгеге шынайы көмек көрсетуге ұмтылған адамдар бар.

Егімбай Асай Егіндікөл ауданында провизорлық стационар ашылған сәттен бастап волонтерлер қатарына қосылды.

«Бұл артта отырудың уақыты емес, дәрігерлерге қолдау көрсетіп, осы аурумен күресуге көмектесетін уақыт», - деп өз пікірімен бөлісті волонтер.

«Сіз обаға қарсы костюммен, етікпен, маскамен, қолғаппен, көзілдірікпен және тіпті ыстықта да бірнеше сағат бойы жұмыс жасаудың қаншалықты қиын екенін білмейсіз. Бірақ дәрігерлердің және қалпына келе жатқан жерлестерімнің бақытты жүздерін көргенде, барлық қиындықтарды ұмытып, қуанышты боламын».


Егімбай ауыл тұрғындарына үлгі көрсетіп, іс-шараларға белсенді қатысады, Егіндікөл ауданындағы волонтерлер қозғалысының дамуына өз үлесін қосады.

Дерек көз: https://716.kz/news/5139-zhitel-egindykolskogo-raiona-rasskazal-o-rabote-v-provizornom-stacionare.html?fbclid=IwAR0nj2Gp6yR-wz_xgdPG9-E6Z4zZgW-j_AeDsK-bKJwewUAVzj1NvxYL7I0

 

Соңғы жаңалықтар
07.09.2026 314 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2212 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2655 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена