Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жезқазғандық волонтерлері мұқтаж жандарға азық-түліктерді жеткізді

Жезқазғандық волонтерлері мұқтаж жандарға азық-түліктерді жеткізді

01.05.2020 1889 0

Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, 🏢"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС демеушілігімен "Ұлы Дала" гипермаркетінен ТЖ байланысты аз қамтылған, мұқтаж отбасыларға ірі көлемді азық-түлік жиынтығы Жезқазған қаласының волонтерлерінің белсенді қатысуымен үйлеріне жеткізілді. Саят Сабиевич Балмаганбетов бастаған "Спортты дамыту орталығы" ҚБ, Жезқазған Жастар Ресурстық Орталығы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қарағанды облысы бойынша өкілі, "Жылы жүрек", " Бірлік" волонтерлер ұйымдарының, жекелеген қаншама еріктілердің ұйымдасуымен күннің жауынына, даланың суығына қарамай, ірі көлемдегі азық-түліктер мұқтаж отбасыларға табысталды. Қаншама кг азық-түліктерге қаншама көлікпен ұйымдаса біріккен, жүрек күші мен білек күшін аямаған волонтерлер жұдырықтай жұмылып қызмет көрсетті. Осындай ауқымды қайырымдылықтың көрсетілуіне ұйытқы болған қала әкімдігі, атқамінер азаматтар, Жезқазған қаласының алтын діңгегіне айналған "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің демеушілігіне, волонтерлердің адал еңбегіне қала тұрғындары зор ризашылық, алғысын білдіруде. Қасиетті Рамазан айында, ел ішінде орын алған сын сағатта осындай игілікті іс-шарада бірге болу, біріге білу- әр азаматтың жауапкершілігі. #bız bırgemiz Алға, Қазақ елі! Алға, мысты шаһар тұрғындары! Біз әрқашан біргеміз!!!
#bizbirgemiz

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3759 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3604 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 3001 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена