Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жақсылық ұранымен

Жақсылық ұранымен

28.11.2020 1289 0

Волонтер жылы аясында ауылдық округтерде бес орталық құрылып, оның ішінде 44 жоғары сынып оқушылары және студенттер қызмет етуде. Солардың 10 Qazvolunteer сайтына тіркелген.

«Волонтерлік орталықтар Новомарковка, Ақмырза, Еркіншілік, Тайбай ауылдарында және ауданымыздың Агротехникалық колледжінде де бар», - дейді Ерейментау ауданының жастар ресурстық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Аяжан Қабылдинова. Мысалы, Еркіншілік ауылдық округінде «Өрлеу» бастамашыл тобының негізін қалаушы Мәдениет үйінің меңгерушісі, хореограф, педагогика ғылымдарының магистрі, ғылыми мақалалардың авторы Александра Блохина.

Бұл жастардың ғана емес, түрлі қызмет түрлері мен мүдделерін білдіретін қоғамдық пікір көшбасшыларының базасы құрылды дегенді білдіреді. Еріктілер қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үй аулаларын үнемі қардан тазартып, көктем мезгілінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек жеткізді.  Осындай көмек пандемияның алғашқы толқыны кезіңде 67 жалғыз тұратын зейнеткерге, 10 аз қамтылған отбасы мен 7 жалғыз басты анаға берілді. Қажетті қаражатты аудан әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлер және басқа да демеушілер бөлді. «Nur Otan» партиясы бастама жасаған «Біз біргеміз» акциясына қатыса отырып, алғашқы қажеттілікті өнімдері бар 30 әлеуметтік пакеттер тегін түрде таратылды. Қасиетті Рамазан айында мешіт имамдарымен бірге көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, азық-түлік пакеттерін тапсырды. Аудандық аурухана мен емханаға 200 отбасына қорғаныс маскалары мен антисептиктерді, медициналық есепте тұрған қарт науқастар мен мүгедектерге дәрі-дәрмектерді тегін таратуға көмектесті. ЖРО-да азаматтардың ерікті қайырымдылықтары есебінен үнемі толықтырылып отыратын «жақсылық қорабы» орнатылған. Аталмыш қораптан мұқтаж адамдар өздері үшін аяқ киім және өзге киімдерді таңдай алады.

Еріктілер әлеуметтік нысандардағы дезинфекциялық жұмыстарға қатысып, Covid-19 туралы қажетті ақпаратты тарату және аудан тұрғындарының пандемия кезіндегі сақтық шараларын дұрыс дәріптеу жөнінде шаралар өткізіп, атқарылған игі істер бойынша оннан аса бейнебаян түсірілді. Барлық бейнебаяндар жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Әрқайсысы үлкен жағдайда көптеген іс-әрекеттерді  жүзеге асырды – деп хабарлайды Ерейментау ауданы жастар ресурстық орталығының маманы Медина Шокумова.

 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена