Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Жастар - Отанға!" бағдарламасын жүзеге асыру жол картасы бекітілді - Бауыржан Байбек

"Жастар - Отанға!" бағдарламасын жүзеге асыру жол картасы бекітілді - Бауыржан Байбек

03.06.2021 1085 0

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 2025 жылға дейін "Жастар - Отанға!" бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы бекітілді. Бұл туралы Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бүгін біз "Jas Otan" жастар қанатының қолдауымен құрылған "Biz Birgemiz!" жалпыұлттық жастар волонтерлік қозғалысының қатысуымен онлайн-кездесу өткіздік. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев волонтерлікті жаппай дамыту қажеттігіне назар аудара отырып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады: "Бүкіл әлемдегі жастар еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы болып табылады, ал волонтерлік – бұл жастардың еңбек нарығына жылдам бейімделуіне көмектесетін және олардың одан әрі өзін-өзі іске асыруына ықпал ететін тетік". Өз кезегінде, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялауы ұлттық ауқымдағы волонтерліктің дамуына жүйелі серпін берді. Мемлекет басшысы "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисін жеке өзі ашып, Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болды", - деп атап өтті ол.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/utverzhdena-dorozhnaya-karta-po-realizacii-programmy-zhastar-otanga-bauyrzhan-baybek_a3796484  

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1977 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2705 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2010 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена