Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында «Әулие ата» волонтерлер штабы жұмыс істейді

Жамбыл облысында «Әулие ата» волонтерлер штабы жұмыс істейді

14.04.2020 1737 0

Қазірга таңда әлемде COVID-19 пандемиясына қарсы карантин жариялануына орай, Жамбыл облысына да шектеу шаралары енгізілді. Сауда үйлері мен саябақтар, моншалар, сән салондары мен киім базарлары жабылды.

Осыған байланысты қаламыздағы ірі мейрамханалардың бірі – Zheka’s Doner House @zhekas_doner_house тa өз жұмысын уақытша тоқтатты. Мейрамхана иесі Еламан Омаров @omar_yes кәсібінің уақытша тоқтап тұрғанына көңіл күйін түсірмейді. Керісінше әлемді жаулаған індетті бірге тоқтатуға атсалысып жүр. Қарттардың айлық зейнетақысын өзінің жеке автокөлігімен үйлеріне апарып беруге көмектесуде. Аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, Е. Омаров Тараз қаласындағы барша кәсіпкерді жастардың тірегі-қарттарымыздың денсаулығын сақтауға және мұң мұқтажын орындауға өңіріміздегі белсенді азаматтарды шақырады.
Қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары Әлібек Мұратбаев @alibek.muratbaev, Арнат Ұлтанбаев @ultanbayev кәсіпкер Нұржан Тұрдиев, Алия Арзымбетова, және қоғамдық ұйымдардың көшбасшысы Ғабиден Исатай да @gabiden_zhas аталған акцияны қолдайды. Қарттардың айлық зейнетақысын қаланың бұрыш бұрышына апарып беру үшін 20 көлік тартылды және бұл акцияға BMW автоклуб қатысушылары демеушілік көрсетті.
Сонымен қатар, волонтерлар ата-әжелердің анкетасын жинақтап, алдағы уақытта көмекке мұқтаж қарттарға қол ұшын созып, көмек көрсетіп тұрады.
«Тасым», «Асар», «Темірғазық», «Жібек жолы жастары», «Ақ сарай», «Қамқор» қайырымдылық жобалары аясында волонтерлері үлкен құрылды. 

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 2007 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2734 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2035 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена