Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ҚР Үкіметінің отырысы

ҚР Үкіметінің отырысы

22.06.2021 739 0



22 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

- Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.

- Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, ВАК – елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды, Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакцинация қарқынын арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

- Бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері туралы екінші мәселені қарау барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин баяндама жасады.

- Премьер-Министр биржалық сауда құралдарын тарату және негізгі инфрақұрылымдық қуаттарға қол жеткізу шарттарын кеңейту арқылы бәсекелестікті дамытуды жүзеге асыруды, мемлекеттік және жеке операторлардың түрлі салалардағы қызметін реттеу нормаларын қайта қарауды, бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

- 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасы туралы үшінші мәселені қарау кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық волонтерлік желінің директоры Татьяна Миронюк баяндама жасады.

-Мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин волонтерлік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын пысықтауды қамтамасыз етуді және оны Үкіметке осы жылдың 1 шілдесіне дейін енгізуді, Волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеуді, сондай-ақ, салалық волонтерлікті, оның ішінде цифрлық, онлайн-волонтерлікті, эковолонтерлікті, құқықтық және психологиялық көмек, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ТЖ салдарын жою және т.б. салалар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейту, тұрақты мониторинг жүйесін жолға қою және ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін өңірлік МҮ-ді 2023 жылға дейін қабылдау тапсырылды.

АҚДМ-ға үздік волонтерлік тәжірибені белсенді түрде насихаттау және барлық деңгейлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. 

Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/sessions/zasedanie-pravitelstva-rk-22062021-225407 

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 80 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 250 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 360 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена