Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысының әкімі волонтерлермен кездесті

Павлодар облысының әкімі волонтерлермен кездесті

31.08.2020 1466 0

Конституция күні қарсаңында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов еріктілер және меценаттармен кездесті. Бұл жандар карантиннің қиын кезеңінде алдыңғы қатарда болып, науқастарға көмектесті. Кездесу барысында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеяларын ортаға салды.

Карантин кезінде шараға жиналғандардың барлығы коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың жанында болды. Қолдау көрсетіп, індеттін алдын алуға көмектесті. Елдегі ахуалға байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған адамдар үшін азық-түлік жиынтықтары мен қаражат жинады. Өздерінің денсаулығына қауіп төніп тұрса да халықпен бірге болды. Аймақ басшысы қатысушыларды бүгінгі күннің батырлары екендігін атап өтті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Өкінішке орай, біз көп адамның жасап жатқан игі ісін біле бермейміз. Иә, бірі бұны жарияласа, енді бірі жасырын көмектеседі. Есімін де елге жариялағанды ұнатпайды. Менің ойымша, біз жақсы іспен, тәжірибемізбен бөлісуді жәстүрге айналдыруымыз қажет.

Еріктілердің әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісті. Олар барлық ұйымдастырылған акциялар және басқа да іс-шаралар туралы айтып берді. Мысалы, "Біз біргеміз" акциясы аясында партия мүшелері 15 мыңға жуық азық-түлік жиынтығын жинады.

Илья Теренченко, «NUR OTAN» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Осы мәселені облыстағы  287 партиялық мекемелер қолға алды. 5000 нан аса партия мүшелері бар. Қиын кезеңде осы залда отырған адамдардың барлығы белсенділік танытты. Бұл біздің ортақ жұмыс.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Төтенше жағдай кезінде және карантин ұзартылған уақытта жұмысын жоғалтқан облыстың 270 мың тұрғыны қаржылай көмек алды. Еліміз бұндай мәселемен алғаш кездесіп отыр. Осындай қиын уақытта бәрі бір-біріне қолдау көрсетті.

Кездесу соңында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.


Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Дереккөз: https://pavlodartv.kz/kz/news/jergilikti_bilik/eriktilermen-kezdesu-1 

 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена