Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елім дейтін азаматтар

Елім дейтін азаматтар

24.12.2020 1407 0

Аудандық Кенжебек Күмісбеков атындағы мәдениет үйінде ТЖ және карантин режимі кезінде көмекке мұқтаж ауыл тұрғындарына көмек көрсеткен волонтерлар мен белсенді азаматтар марапатталды. Ауданның ерікті жастары дағдарысқа қарсы шараларға, мұқтаж тұрғындарға қарқынды көмек көрсетті. Айта кетсек, аудан бойынша 100-ге тарта ерікті, 70 -ге жуық отбасыға жәрдем көрсетілді. Ибраев Берік Хамзеұлы, Момбаев Ерлан Шортанұлы, Жақыпбек Дос Бекежанұлы, Алиева Асем Тұрғынбайқызы, Бейсембеков Төрежан Валиханұлы, Смагулов Ерболат Сәрсенұлы, Башын Әділ Жүрсінұлы, Даукенов Азамат Мұратұлы, Жакенов Абылайхан Мұратұлы, Жакенов Алихан Мұратұлы, Амантаев Алдияр Төлеуханұлы сияқты өзгеше көзге түскен еріктілер марапатталды.

«Бұл күндері азаматтарымыздың тарапынан көрсетілетін көмектің маңызы ерекше болды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмектерін жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны мені қуантады. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз осы күрделі кезеңді еңсеріп келеміз. Осы қиын кезеңде аудан бойынша 100-ден аса волонтер бір кісідей еңбек етті. Волонтерлеріміздің бұл еңбегі көпке үлгі бола білді. Бұл ретте 2019 жылды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастар жылы» деп атаса, ал биылғы жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Волонтер жылы» деп жариялауы символдық мәнге ие болды. Сіздер өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық пен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, бүкіл өңір жастарына үлгі көрсеттіңіздер. Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қасиетті сөз бар. Осы істеріңізге алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Елдің дамуына жастық жігерлеріңізді жұмсап, өз үлестеріңізді алда да қоса беріңіздер» - деп атап өтті Қорғалжын ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Асет Дангилов.  

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 321 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 225 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4322 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена