Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңыздылығы туралы буклеттер таратты

Волонтерлер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңыздылығы туралы буклеттер таратты

03.08.2021 866 0

Елордалық волонтерлер коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігі туралы ақпарат, иммундауға қалай дайындалу керектігі туралы қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттерді таратуды жалғастыруда. Кезекті акция қаланың автобустары мен аялдамаларында өткізілді, деп хабарлайды Нұр-сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ және қалалық волонтерлер штабы ұйымдастырды.

Волонтерлер қала тұрғындарына КВИ таралуын тоқтатудың және қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырудың жалғыз дұрыс жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті  қалыптастыру екенін еске салды.

Волонтерлер "Астаналық базар" СҮ аялдамасында жиналды.

"Біз бұл парақшаларды екінші рет таратып жатырмыз. Өткен акция барысында біз 1,5 мыңға жуық буклет тараттық. Акция елорданың барлық СОО-да өтті. Жақында біз Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесіп парақшалардың екі түрін тараттық. Біреуінде вакцинацияның маңыздылығы, шағын және орта бизнестің Ashyq-қа ауысуы туралы ақпарат болды. Екінші парақшада осы бағдарламаны қалай ашуға болатындығы туралы қадамдық нұсқаулықтар болды. Біз парақшаларды үш күн бойы тараттық, бағдарлама қолданылмаған мекемелерді араладық", – деді волонтер Айгүл Жұмабаева.

Олжас Хамитовтың үлкен волонтерлік тәжірибесі бар – шамамен 5 жыл. Университетте оқып жүрген кезінде ол мүгедек адамдарға, қарттарға көмектесуге тырысқан.

"Мен басқаларға көмектескенді ұнатамын, адамдарды қуантуды, олардың бақытты түрлерін көргенді ұнатамын. Бұл біз қалағандай маңызды көмек болмаса да, орындалған жұмыстан өте қатты қанағаттанамыз. Қазір пандемия кезінде көптеген адамдар қолдауға да, ағартуға да мұқтаж. Өкінішке орай, барлығы өзінің әрекеттерімен басқаларға зиян келтіретінін түсіне бермейді. Кейбіреулер вакцинациядан бас тарту арқылы аурудың және тіпті біреудің өлімінің себебі болуы мүмкін екенін түсінбейді. Мен вакцинаны жаңа басталған кезде алдым", - деді Олжас.

Вакцина ең алдымен аурудың асқынуынан және өлімнен қорғайтын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда халықты вакцинациялау – бұл қоғамның әрбір мүшесінің денсаулығын қорғау болып табылады.

Волонтер Дамир Айтымов вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпараттық буклеттерді тарату акциясы бүгінгі күннің қажеттілігі екенін атап өтті.

 

"Мен 2017 жылы волонтер болдым. Менің барлық достарым ЭКСПО көрмесінде «волонтерлік етті». Олар мені "Астана жастарына" ертіп келді. Мен үшін адамдарға риясыз көмектесу, түрлі оқиғалардың эпицентрінде болу маңызды. Іс-шаралар өте көп болды – бір күнде үш шара болуы мүмкін. Пандемия басталғанда біз мұқтаж адамдарға азық-түлік тарата бастадық. Бүгінгі акция – коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай алуға болатындығы туралы буклеттер тарату – бұл өте қажет. Вакцинация адамның өз денсаулығын да, айналасындағыларды да қорғау екенін бәрі бірдей түсіне бермейді. Мен вакцинаны екі ай бұрын алдым. Коронавирус менің таныс қызымның өмірін қиды. Егер ол вакцинаны уақытында алғанда, қазір тірі болар ма еді деп ойлаймын", – деді Дамир Айтымов.


Дереккөз: https://astana.gov.kz/kz/news/news/28284 

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 181 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 306 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 435 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена