Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Біржан сал ауданының волонтерлері ерлік жасаудан тайынбайды

Біржан сал ауданының волонтерлері ерлік жасаудан тайынбайды

14.11.2020 1369 0

Жыл басынан бері аудан бойынша волонтерлермен көптеген игі істер жүзеге асырылды. Соның ішінде  Еріктілер  жылының аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында   №1 ОМ еріктілері мен  Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығы Тұрсынбек Қабатов жариялаған «БІЗ БІРГЕМІЗ» атты челленджін қолдап, қарттарға қар тазалау бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Сондай-ақ, Макинка, Бұланды, Донской, Мақпал орта мектептерінің оқушылары Республикалық «Қазақстан - мейірімділік мекені» акциясына қатысып, Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығы мен еріктілермен бірлесіп ауылдағы қарттарға көмек көрсетті. Тізім бойынша әрбір мұқтаж жанға хабарласып, көмек ұсынылды. Алдымен сол үйлерге барып, жағдайымен танысып, кейін техника, құрал-жабдықтармен барып, қар тазалады. Бұл жұмысқа арнайы 19 техника мен ​ 525 адамдар ​ жұмылдырылып, 320 текше метр қар шығарылды.


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Біржан сал ауданының Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер бірлесіп, «Гүлдер, аяулы ханымдарға!» акциясын өткізді. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы аясында Біржан сал ауданының барлық мемлекеттік мекемелері мен еріктілер бірлесіп жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға азық-түлік көмек көрсетті.

Коронавирустық инфекция бойынша әлемдегі жағдайға байланысты Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етілуін және таралуын алдына алу мақсатында, КММ Жастар ресурстық орталығы мен волонтерлер бірлесіп аудан тұрғындарына  «төтенше жағдайды енгізу туралы» жадынамалар мен Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің «карантин кезінде шектеу мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын таратты. Құрбан айт мерекесі аясында «Мың алғыс!»​ жалпы республикалық акция ​ барысында​ ​ «Семізбай-U» ЖШС провизорлық стационарға ​ ​2 оттегі конденсатор, 10 пульсоксиметр, 20 дана көп қолданбалы комбинезон, 25 дана бір қолдануға ғана арналған комбинезон, ​ 20 медициналық халат және төсек-орын жабдықтарын табыс етті. Жалпы шығын 2 500 000 теңгені құрады.​​ Коронивирустық індетке байланысты ауданымыздың волонтерлары бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратты.

Сондай-ақ, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, азаматтық қорғау органдарының еңбек ардагеріне материалды және ақшалай көмек көрсетіліп, ал Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерге ТЖ бөлімі, 21-ӨСБ, Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атынан сыйлықтар таратылды.


Ақмола облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының ​ ​төрағасы Сұлтанбек Бекешев және «Феникс» еріктілер орталығының жетекшісі Сұлтан Жолдыбаев, Біржан сал ​ ауданының жастар көшбасшыларына волонтерлік​ бойынша семинар -тренинг ​ өткізді. Семинар өте​ тартымды, нәтижелі​ өтті. Іс шараға 15 адам қатысы.

 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 321 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 225 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4322 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена