Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер Павлодар тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпе алуға шақыруда

Волонтерлер Павлодар тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпе алуға шақыруда

10.08.2021 532 0

5 тамыз күні жас белсенділер велосипедтермен қалалық жағалаудағы адамдарға вакцинация туралы ақпарат жазылған брошюралар таратты, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Волонтерлер арасында оқушылар мен студенттер бар. Жас болғанына қарамастан – олардың кейбіреулері 18 жасқа толмаған – олар вакцинацияның қауіпті вирустан қорғаудың ең жақсы тәсілі екенін түсінді.

- Екі жыл бойы COVID - 19 бүкіл әлемді үрейлендірді, ал вакцинация – бұл өзіңізді және айналаңыздағыларды қорғаудың ең тиімді әдісі. Егер бізде кәмелетке толмағандарға екпе жасалатын болса, онда мен міндетті түрде барамын, - деп атап өтті №10 лицейдің оқушысы Зиядан Нұрмұхаммед. - Бүгін біз, яғни он волонтер, велопрокат пунктінен бастап жаңа жағалауға дейін парақшалар таратамыз.

Павлодар жастары коронавирустан қорғау және екпе алу туралы ақпаратты түсіндіру бойынша акцияларды үнемі өткізіп тұрады. Оларды саябақтар мен серуендеу аймақтарында ғана емес, сауда үйлерінде де кездестіруге болады. Көбінесе бұл жұмысқа қоғамдық ұйымдар тартылады. ЖБДО волонтерлік орталығының басшысы Жанар Айткенованың айтуынша, халыққа вакцинацияның пайдасын түсіндіру қажет.

- Ақпараттық жұмыс қажет, вакцинацияланған адамдардың саны артып келеді, менің ойымша, бұл жерде біздің кішкене де болса  еңбегіміз бар, - деп атап өтті Жанар Айткенова. - Адамдар әрқашан оң жауап береді. Ақпараттық материалдардың таралу аймағын кеңейту және жұмысты жеңілдету үшін балаларға велосипедтер сатып алынды. Жалпы, біздің ЖБДО-да 50-ден астам волонтерлер бар, олар өздерінің бос уақытында бізге келіп көмектесіп тұрады.

Дерекөз: https://pavon.kz/post/view/69325 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 410 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1224 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3085 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена