Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер дәрігерлерді «Денсаулық пакетімен» қуантты

Волонтерлер дәрігерлерді «Денсаулық пакетімен» қуантты

17.07.2020 1252 0

Дәрігерлерді қолдау мақсатында жасотандықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Денсаулық пакеттерін» таратты.

Азық-түлік, жеміс-жидек пен витаминдер салынған 1500-ден астам пакет таратылды. Акцияға белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер де атсалысты.

«Jas Otan» ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдәулет Жанділдаевтың айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

- Бүгін ержүрек дәрігерлерге арнап арнайы акция ұйымдастырдық. Олар барша адамзатты әбігерге салған қауіпті індетпен күнделікті күресіп келеді. Бұл шараны басқа өңірлерде де жалғастыратын боламыз. Індетті бірлесіп жеңетінімізге сенімдімін.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күреске 2,5 мыңнан астам, ал Алматыда 4 мың медицина қызметкері жұмылдырылған.

Дерек көз: https://egemen.kz/article/242642-eriktiler-darigerlerdi-densaulyq-paketimen-quantty 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 4310 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 4178 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 3552 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена