Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер Алматы облысындағы тас жол бойындағы тауларды вандалдардың жазулары мен қоқыстардан тазартты

Волонтерлер Алматы облысындағы тас жол бойындағы тауларды вандалдардың жазулары мен қоқыстардан тазартты

05.07.2021 1063 0

«Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қатысушылары вандалдардың жазулары мен қоқыстардан тазарту бойынша ауқымды экоакция жүргізді. Жобаны KazakhTourism ұлттық компаниясы, Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі, Алматы облысының туризм басқармасы және ҚР АҚДМ қолдауымен «JanaDunie» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Акцияға отызға жуық адам – белсенділер, Қапшағай қаласының Жастар ресурстық орталығы мен JanaDunie қорының волонтерлері, сондай-ақ, қазақстандық TikTok жұлдыздары қатысты. Қатты ыстыққа қарамастан, олар үлкен жұмыс атқарды: жартастардан ондаған жазбаларды кетіріп, 6 қап қоқыс жинады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/volontery-ochistili-gory-vdol-trassy-ot-nadpisey-vandalov-i-musora-v-almatinskoy-oblasti_a3808769  

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена