Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер волонтерлік туралы: Корпоративтік волонтерлік

Волонтерлер волонтерлік туралы: Корпоративтік волонтерлік

13.12.2021 713 0

Әлемнің көптеген ірі корпорацияларында әріптестерімен бірге игі істер жасау дәстүрі бұрыннан бері болған. Уақыт өте келе бұл қызмет жүйелі және тұрақты сипатқа ие болып, корпоративтік волонтерлік деп аталып кетті.  Өткен жылы біз Сізге біздің платформада Швеция, Испания, Жапония сияқты елдердегі волонтерліктің корпоративтік тәжірибесі туралы айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, Beeline Қазақстан, «Самұрық-Қазына» АҚ және Eurasian Resources Group сияқты отандық компаниялардыі да тәжірибелерімен бөлістік.

Бір қарағанда, өз қызметкерлерін жалпы волонтерлік қызметке тарту үшін ауқымды немесе халықаралық ұйым болу керек сияқты көрінуі мүмкін. Іс жүзінде кез-келген жұмыс беруші немесе қызметкер өз ұйымындағы волонтерлік қызметтің бастамашысы бола алады.

Әріптестерімен бірге волонтерлік қызметті тұрақты негізде жүзеге асыру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар еңбек сапасын арттыратын және команданы біріктіретін факторлардың бірі болып табылады.

Бүгін сіздермен«Іңкәрім» би ансамблінің волонтерлік тәжірибесімен бөліскіміз келеді. Бірнеше жыл бойы ансамбль ұжымы тұрақты негізде еліміздің әлеуметтік-осал санатындағы ересек азаматтар мен балаларға арнап әр түрлі ойын-сауық және танымдық іс-шараларды  ұйымдастырып, өткізумен айналысады. Сондай-ақ, олар қайырымдылықпен де айналысады. Волонтерлік қызметке олардың жетекшісінен бастап, әртістердің және әкімшінің бүкіл командасы қатысады. Халық би ансамблінің жетекшісінің есімі – Әбілдина Мөлдір Бауыржанқызы.

Ол бізбен өз ұжымында волонтерлік идеясы қалай пайда болғандығы және бұл неліктен маңызды екендігі туралы ойымен бөлісті:

«Ұжым өз жұмысын 2008 жылы бастады. Осы уақыт ішінде біздің бишілер түрлі концерттер мен іс-шараларға қатысты. Ұжым Қазақстан, Түркия, Италия, Польша, Үндістан және басқа да елдердің қалаларына гастрольдік сапармен барып қайтты.

Волонтерлік идеясы бірнеше жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында пайда болды. Біздің ұжымның қатысушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді, онда әлемнің түрлі ұлттарының билерін биледік. Балалармен ойнадық. Жаңа жылдық шыршаны бірге айналдық. Іс-шара соңында біз балаларға Аяз Атадан естелік сыйлықтар сыйладық. Бұл күні балалардың қарым-қатынасы мен эмоциясы біз үшін сыйлық болды.

Бірде балалар үйіндегі іс-шара барысында, маған бір қыз келіп, мені «Анашым» деп атады. Содан бері мен балаларға қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ал волонтерлік біздің ансамбльдің игі дәстүріне айналды.»

Авторы: Александра Крашинина

@alexandrakrashinina  

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена