Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Абай атындағы ҚазҰПУ волоонтерлері гуманитарлық жүктерді түсіру және қабылдау процесіне қатысты

Абай атындағы ҚазҰПУ волоонтерлері гуманитарлық жүктерді түсіру және қабылдау процесіне қатысты

21.07.2020 1106 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гуманитарлық жүктері Алматыға келді: бетперделер, халаттар, респираторлар. Жүк Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қатысуымен сұрыпталып адресаттарға жіберілді.

Гуманитарлық жүктерді түсіру және қабылдау процесіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, қаланың қоғам қайраткерлері және «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» волонтерлер қозғалысының жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова қатысты. Жүктерге ҚазҰПУ волонтерлері «Бесплатно - Тегін» мөртабасын қойды. Болашақта белсенділер адресаттарға гуманитарлық көмектің жеткізілуін бақылайды.

Абай атындағы ҚазҰПУ волонтерлері Алматыдағы карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараға да қатысты. Мониторинг тобы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің өкілдері, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» волонтерлері, «Арнайы бақылау топтары» СМГ-ның қоғамдық белсенділері - қоғамдық тамақтану орындарына (кафе, мейрамхана т.б.) рейд жүргізді.

Бұл рейд барысында кейбір мекемелерде бұзушылықтар анықталды, карантин нормалары сақтамалмады, дәлірек айтсақ, 23: 00-ден кейін көбісі жұмыс істейді екен. Осы фактілер бойынша актілер жасалып, учаскелік офицерлер шақырылды. Қоғамдық белсенділер халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл акция бір реттік емес және құқық қорғау органдарымен бүкіл карантин кезеңінде жүзеге асырылатын болады. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, бетперде режимі, көпшілік болып жиналмау - мұның бәрі пандемиямен күрестің маңызды факторы екенін еске саламыз және ерекше атап өтеміз.

Барлық волонтерлерге алғысымызды білдіреміз!

Дерек көз: http://www.kaznpu.kz/kz/12471/news/ 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 66 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 79 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 116 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена