Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қызылордада вируспен күреске барлық құрылымдар жұмылған

Қызылордада вируспен күреске барлық құрылымдар жұмылған

15.07.2020 1115 0

Жалпы қауіпті вирус жұқтырған 2 мыңға жуық тұрғынның 1200-ден астамы аурудан айықты. Осынша шамадағы науқастар провизорлық және стационарлық ем қабылдап жатыр. Көрінбейтін жаумен күреске аймақтағы барлық құрылымдардың күші жұмылдырылған. Дегенмен маусым айының соңына қарай пневмонияның өршуі Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалды күрделендіріп жіберді. Өңірде өкпесі қабынған 2 мыңнан астам адам тіркеліп отыр.

Пандемиямен күреске 3 мыңдай медицина маманы, жүздеген әскерилер, полиция департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға сақтық құралдары мен дәрі-дәрмек әкелінді. Дегенмен нәтиже ойдағыдай болмады. Түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілсе де карантин талаптары өрескел бұзылды. Тұрғындар той-томалақ, думанды жиындар жасауы мен баруын қоймады. Үйлену және қыз ұзату тойына қатысқан бірнеше ауыл әкімдері қызметтен шеттетілді. Жұрт сақтық шараларына мән бермеуі салдарынан індет жылдам әрі барлық елді мекенге тарады.

Соңғы 2 аптада өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезіліп, өкпесі қабынғандарға оттегі аппараты жетіспеді. Жедел жәрдем қызметі шақыртуларға дер кезінде баруға үлгермеді. Осы ретте кәсіпкерлер көмекке келіп, оттегі концентраторын алып беріп жатыр.

Айна Мұхамбетова, облыстық жұқпалы ауруханалар ауруханасының бас дәрігері: - Бізде 3-ақ тұғын, қосымша 15-20 данаға тапсырыс беріп отырмыз. Оттегімен өкпені қамтамасыз ету жоғарылайды да жазылуына да, емделуіне де оң нәтиже көрсетеді. Осындай концентраторлар арқылы палатада науқастар қолданады демалып. Көп науқастарды жансақтау бөліміне жетпей емдейміз.

Талғат Жұматов, кәсіпкер: - Енді 1-2 адамға болса да өміріне себеп болсын деген ниетпен осы аппаратты алдыртып әкеліп беріп жатырмыз. Бұл көмек әлде де жалғасын табады. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Еліміз, бауырларымыз, ағайын-туыс, барлығы аман болсын. Ертерек қазақ елі мамыражай жағдайға түсе берсін. Тек жақсылық болсын. Жалпы індетпен күреске 7 жеке кәсіпкер жұмылып 10 миллион теңге көлемінде қолдау білдірді. Одан бөлек еріктілер қозғалысының елге тигізген пайдасы ұшан-теңіз. Олар бір жұтым ауаға зәру болған науқастарға күндіз-түні оттегі баллондарын тасымалдап жүр. Қазір облыс орталығы мен аудандар сұранысы толық қанағаттандырылып отыр.

Ерік Жүнісов, оттегі баллондарын шығару серіктестігінің директоры: - Жәй уақытта 30-35 баллон тасымалдайтын болатынбыз. Ал қазіргі таңда қалалық аурухананың өзіне 160-170 баллондай тасымалдап жатырмыз. Облыстық медициналық орталығына 60-70 баллон, ана мен бала орталығына 60-70 баллон тасымалдап жатырмыз. Қиындық туып жүрген оттегі тасымалдау жағынан. Сол қала басшысы келіп сұрақтарымызды шешіп берді. Тағы да осындай станция Қазалы ауданында бар. Одан бөлек еріктілер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер мен бала күтіміндегі ата-аналарға дәрі-дәрмек жеткізіп береді. Аймақта қатаң карантиндік тәртіп эпидахуал тұрақтанғанша сақталатын болады.


Авторлар: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Әлхайдар Тұрлыханов, Айтмұхамбет Бәйділдаев

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/409034-yzylordada-viruspen-k-reske-barly-rylymdar-zh-myl-an

 

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4108 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1261 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 860 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена