Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Егіндікөл ауданының волонтерлерінің қызметі

Егіндікөл ауданының волонтерлерінің қызметі

21.11.2020 1405 0


Волонтерлік немесе волонтерлер қызметі - бұл ақшалай төлемсіз ерікті түрде орындалатын әлеуметтік пайдалы жұмыс. Сонымен қатар, бұл ерекше қолдау мен әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, мемлекетке өз еркімен ақысыз көмек көрсететін адам. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жариялаған «Волонтерлар жылы» аяқталуына жақын қалды. Аталмыш жыл қиын-қыстау кезеңдерге, әсерлі оқиғаларға толы жыл болды.

Осыған орай, Егіндікөл ауданының волонтерлері үлкен жұмыс атқарды.

Ауданда екі волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олар: «Егіндікөл жастары» волонтерлік орталығы қоғамдық бірлестігі және Егіндікөл ауылының агротехникалық колледжі жанындағы «Асар» волонтерлік клубы. Егіндікөл ауданы бойынша волонтерлердің жалпы саны 18 адамды құрайды. 2020 жылдың өткен кезеңінде волонтерлік саласында 52 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, 17-қарт адамдарға көмек көрсету, 25-коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша    ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, 6-қорғаныс маскаларын тарату, 4-мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялары және 2-экологиялық сенбіліктер.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Егіндікөл ауданындағы волонтер жылының қорытындысы шығарылып, ең белсенді волонтерлер  марапатталатын болады – деп хабарлайды Егіндікөл ауданының Ішкі саясат бөлімінің маманы – Виктор Хайруллин.

 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 82 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 94 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 122 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена