Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік - жанның шақыруы

Волонтерлік - жанның шақыруы

17.11.2020 1585 0

Волонтерлік - волонтер негізде жүзеге асырылатын және ақшалай сыйақыны көздемейтін жұмыс. Волонтер болу дегеніміз - уақытының бір бөлігін әлеуметтік маңызы бар жобаларға, яғни қиын жағдайға тап болған адамдардың өмірін жақсартатын жобаларға беру.

Біздің ауданда волонтерлік қызметке 350-ден астам волонтер тартылған. Бүгінгі күні Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Ниет», «Жалынды жастар» 2 жастар қозғалысы жұмыс істейді, сондай-ақ «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айының басында Қоянды ауылында «Аяла» волонтерлер орталығы, Талапкер ауылында «Күншуақ» волонтерлер орталығы ашылды. Волонтерлік қозғалыстардың негізгі міндеттері: волонтерлік қызметке еріктілерді тарту, волонтерлердің тиімді топтарын құру және қолдау, Целиноград ауданында волонтерлік институтын дамыту болып табылады. Волонтерлік қозғалыстар халықтың әлеуметтік осал топтарымен атаулы жұмыс жүргізеді. Экологиялық сенбіліктер, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «BizBirgemiz» акциялары өткізіледі. Ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар «Birgemiz» жалпы тұжырымдамасымен орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін 7 жалпыұлттық жобаны іске асыруға бағытталған.

Волонтерлік өмірлік қағидат болып табылатын белсенді волонтерлерді ерекше атап өткіміз келеді. Волонтер Мирманов Медет 15 жастан бастап волонтерлікпен айналысады, 3 жылдан астам волонтерлік тәжірибесі бар, яғни сөзбен емес, іспен дәлелдейтін нағыз ерікті. Волонтер Гүлсім Балтабекқызы 3 жылдан астам уақыт бойы волонтерлікпен белсенді айналысып келеді, кәсіпкер болып табылады және Қоянды ауылындағы «Аяла» волонтерлік қозғалысына барынша қолдау көрсетеді, өз ауылының дамуы мен жақсаруына үлкен үлес қосады. Волонтерлердің екеуі де халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік пакеттерін, демеушілік көмекті жеткізу, covid-19 пандемиясының басталуы кезінде бетперде таратуға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге үй шаруашылығына көмек көрсетуге, экологиялық сенбіліктерге көмектеседі. Целиноград ауданының жастар ресурстық орталығы өткізетін акциялар мен іс-шараларға белсенді қатысады. Оларға сол қалпы әлеуметтік белсенді және қамқор азаматтар болып қала берулеріне тілектеспіз.

Целиноград ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жастармен жұмыс жөніндегі маман

Садырбай Гүзал Әбілсейітқызы

 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена