Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік – патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы

Волонтерлік – патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы

09.09.2025 732 0

«Бүгінгі жастар патриотизмді жаңа қырынан түсінеді: ол – жасампаздық пен жаңашылдық», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Бұл ой волонтерлерге өте жақын 💛

Біз күн сайын Отанға деген сүйіспеншілікті түрлі жолмен көрсетуге болатынын көріп жүрміз: адамдарға қол ұшын беру, жаңа бастамалар көтеру, экологияға қамқорлық жасау, қоғамды дамытуға үлес қосу.

Президент атап өтті:

«Отанға деген сүйіспеншілік – қоғамға пайда әкеліп, жаңалықтар ашып, жаңа іс бастаудан көрінеді».

«Біз әрқашан алға ұмтылып, таңдаған бағытымыздан айнымай жүруіміз керек!»

🌱 Жолдауда экология мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Таза Қазақстан» жобасы миллиондаған азаматты біріктіріп, волонтерлер осы үлкен істің ажырамас бөлігіне айналды: жүздеген мың гектар жер тазартылып, миллиондаған ағаш отырғызылды. Бұл – өзгерістердің күші бірлік пен азаматтық белсенділікте екенін айқын көрсетеді.

Бүгінде патриот болу – Қазақстанды тек сүю ғана емес, оның өркендеуі үшін нақты әрекет жасау.

Ал волонтерлік – осы патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы ❤️‍🔥

@kz_nvs

Соңғы жаңалықтар
15.05.2026 1728 0
«Базалық оқыту курсы» волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн тренингке қатысуға арналған конкурс!
Толығырақ
12.05.2026 1174 0
2026 жылғы халықаралық мүмкіндіктер: БҰҰ-дағы тағылымдамалар мен бос жұмыс орындары және жаһандық бағдарламалар
Толығырақ
06.05.2026 1097 0
Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена