Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Волонтерлік – патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы

Волонтерлік – патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы

09.09.2025 878 0

«Бүгінгі жастар патриотизмді жаңа қырынан түсінеді: ол – жасампаздық пен жаңашылдық», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Бұл ой волонтерлерге өте жақын 💛

Біз күн сайын Отанға деген сүйіспеншілікті түрлі жолмен көрсетуге болатынын көріп жүрміз: адамдарға қол ұшын беру, жаңа бастамалар көтеру, экологияға қамқорлық жасау, қоғамды дамытуға үлес қосу.

Президент атап өтті:

✨ «Отанға деген сүйіспеншілік – қоғамға пайда әкеліп, жаңалықтар ашып, жаңа іс бастаудан көрінеді».

✨ «Біз әрқашан алға ұмтылып, таңдаған бағытымыздан айнымай жүруіміз керек!»

🌱 Жолдауда экология мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Таза Қазақстан» жобасы миллиондаған азаматты біріктіріп, волонтерлер осы үлкен істің ажырамас бөлігіне айналды: жүздеген мың гектар жер тазартылып, миллиондаған ағаш отырғызылды. Бұл – өзгерістердің күші бірлік пен азаматтық белсенділікте екенін айқын көрсетеді.

Бүгінде патриот болу – Қазақстанды тек сүю ғана емес, оның өркендеуі үшін нақты әрекет жасау.

Ал волонтерлік – осы патриотизмді көрсетудің ең жарқын жолы ❤️‍🔥

@kz_nvs

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3174 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2625 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена