Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «NIS Teachers Volunteers» волонтерлік мұғалімдер клубы «Жеңіс ағашы» акциясын өткізді

«NIS Teachers Volunteers» волонтерлік мұғалімдер клубы «Жеңіс ағашы» акциясын өткізді

21.05.2020 1619 0

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінен құралған желілік «NIS Teachers Volunteers» еріктілер клубы 80 – нен астам түрлі көшеттер отырғызды деп Семей қаласы  НЗМ ФМБ.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінен құралған желілік «NIS Teachers Volunteers» еріктілер клубы 80 – нен астам түрлі көшеттер отырғызды. Ұстаздар бұл істері арқылы бүгінгі ұрпаққа бейбіт ғұмыр сыйлаған ержүрек, қайсар ата-әжелерімізге алғыстарын білдірді.

– Қазақ халқында «Таулар алыстаған сайын биіктей береді», -деген жақсы даналық сөзі бар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан даласындағы ерлік пен тылдағы төзімділік әлі күнге дейін санамызда сайрап тұр. Ол күндер ұмытылмақ емес. Биыл жеңістің 75 жылдығын еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әркім өзінше атап өтті. Осы ретте ойлана келе, өзіміздің еріктілер клубы арқылы барлық зияткерлік мектептерге көшет отырғызу жайлы ұсыныс жасадық. Біз осы арқылы аға буын өкілдеріне алғыс айта отырып, өскелең ұрпаққа ұлтжандылық, кішіпейілділік қасиеттерді сіңіруді, қоршаған ортаға қамқор болуға үйреттік деп ойлаймын. «Жеңіс ағашы» аталған акциямызға қатысушыларымыз еліміздің әр өңірінен табылды, – дейді желілік «NIS Teachers Volunteers» еріктілер клубының жетекшісі Жазира Кұрманова.

Акция бірнеше күнге созылды. Осы уақыт аралығында Семейден Г.Құрманбаева, З.Оразғалиева, Ж.Төкенова, И.Баймуратова, Д.Оразбаева, Ж.Кұрманова, Г.Дулатова, Атыраудан Н.Алиева, Нұр-Сұлтаннан А.Накупов, Алматыдан М.Мұқанова сынды ұстаздар және Қарағандыдан 11 сынып оқушысы Б.Қияқбаев белсенділік танытып, өз аулаларына каштан, долана, шырша, балқарағай, алма ағаштарынан бөлек көптеген көшет түрлерін отырғызған.

Дерек көзі: https://bilimdinews.kz/?p=104200

Соңғы жаңалықтар
30.05.2026 157 0
«Өзгенің қайғысына бейжай қарамау»: зооволонтер Светлана Жумабаевамен сұхбат
Толығырақ
22.05.2026 1043 0
Әрбір үшінші қазақстандық экологиялық акцияларға қатысады
Толығырақ
18.05.2026 1427 0
«Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена