Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН OFFLINE ТРЕНИНГТЕР

ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН OFFLINE ТРЕНИНГТЕР

17.09.2020 1606 0


2020 жылғы 3, 9, 11 қыркүйекте «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы» Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен Өскемен және Семей қалаларында ШҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен «ШҚО волонтерлер қозғалысын дамыту» жобасы аясында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып «Волонтерліктегі көшбасшылық: даму перспективалары» атты тренингтер өтті.


Іс-шараларға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей медициналық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студент волонтерлері қатысты. Тренингтер тиімді көшбасшылық тәжірибе, өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін табысты іске асыру үшін қажетті білім алу және дамыту мақсатында өткізілді.


Тренингтер барысында волонтерлер көшбасшылық құзыреттердің даму деңгейін бағалап, көшбасшылықты анықтаумен айналысып, көшбасшылық теориялар мен рөлдік модельдерді зерттей алды. Тренингтердің маңызды бөлігінің бірі коммуникацияны дамыту және шешендік өнер ережелері блогы болды. Сонымен қатар, тренингке қатысушылар өзін-өзі таныстыру дағдыларын қалай қалыптастыру керектігін біліп, SMART тиімді жүйесі бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуді үйренді. Волонтерлер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, өз бетінше тапсырмаларды орындады. Көшбасшылықты дамыту мен мотивацияны арттыруға арналған танымдық ойындар өткізілді. Тренинг соңында қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена