Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлердің республикалық фронт-офисі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтен 500 мың дана бірреттік маска алды

Волонтерлердің республикалық фронт-офисі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтен 500 мың дана бірреттік маска алды

28.03.2020 1885 0

Құрметті Отандастар!

BIRGEMIZ ұранымен 150-ден астам ұйымды біріктіретін біздің волонтерлердің республикалық фронт-офисі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтен 500 мың дана бірреттік маска алды. Олардың барлығы балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. Айта кету керек, фронт-офис BIRGEMIZ ұраны аясында 150-ден астам ұйымды біріктіреді.

Бүгінде «Ұлттық волонтерлер желісінің», «Мейірімділер клубының» және «Астана жастарының» волонтерлері «Нұрлы жүрек»,  «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болды. Бүгіннің өзінде 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады.

Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады.

Осы орайда, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, волонтерлік қозғалыстың құрметті елшісі ретінде осындай игі акцияға қатысып, мұқтаж жандарға маска алып бергеніңіз үшін Сізге еліміздің барша волонтерлері атынан алғыс айтамыз!



Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3370 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3163 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2620 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена