Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлердің республикалық фронт-офисі мақсаттары мен міндеттері

Волонтерлердің республикалық фронт-офисі мақсаттары мен міндеттері

10.07.2021 968 0


Жақында Республикалық волонтерлер фронт-офисі "Вirgemiz: áreket ýaqyty" шеңберінде жұмысын бастады. Бүкіл ел аумағында волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды біріктіре отырып, фронт-офис волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға олардың қызметі бойынша қолдау мен көмек көрсетуді жалғастыруда.

Аймақтық фронт-офистер алдына қандай мақсаттар қояды?

Барлық фронт-офистердің негізгі мақсаты – волонтерлік ұйымдарға жәрдемдесу, сондай-ақ, олардың қызмет етуіне көмек көрсету және қолдау көрсету.

Олардың жұмысының маңызды бөлігі мемлекетпен өзара іс-қимыл болып табылады. Өйткені, фронт-офистер мемлекет пен волонтерлік қозғалыс арасындағы көпір қызметін атқарады, мемлекетке өз өңірінің волонтерлік қозғалысының ерекшелігін, проблемалары мен қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі.

Волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға ықпалдастық, көмек және қолдау қалай көрсетіледі?

Сапалы және тиімді бірлескен жұмыс жасау мақсатында аймақтық фронт-офис жергілікті волонтерлермен және волонтерлік қозғалыстармен танысады және олармен байланыс орнатады. Осылайша, волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар фронт-офис туралы біледі, сондай-ақ, оларды қолдауға әрқашан дайын екендігін білетін болады. Ең бастысы, олардың дамуы үшін қолайлы орта жасалады.

Аймақтық фронт-офистерге қандай көмек көрсетіледі?

- әкімшілік көмек;

- консультативтік көмек;

- ақпараттық көмек.

 

Көмектің осы түрлерінің әрқайсысы аймақтық волонтерлер қозғалысының өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып көрсетіледі.

 

Біздің кітапханада аймақтық фронт-офистердің жұмысы бойынша жадынамаларды таба аласыз:

 

Мемлекеттік тілде: https://qazvolunteer.kz/ru/library 

Орыс тілінде: https://qazvolunteer.kz/ru/library 

 

Birgemiz: áreket ýaqyty!

Автор: Александра Крашинина

 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 312 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 217 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4316 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена