Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер мектебінде оқыту қалай жүргізіледі

Волонтерлер мектебінде оқыту қалай жүргізіледі

24.09.2020 1283 0

Жалпы биыл 300-ге жуық волонтер оқыту жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтандағы волонтерлер мектебінде оқыту жыл сайын өткізіледі. Қазіргі уақытта «Астана жастары» КММ-дегі волонтерлер тізімінде екі мыңға жуық адам бар. волонтер болғысы келетіндер үш кезеңнен тұратын оқудан өтуі керек.

«Алдымен бастапқы дайындық курсынан өту керек. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді, түрлі психологиялық тренингтер өткізеді. Яғни, жалпы дайындық жүргізіледі», - дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана жастары» басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Бастапқы дайындық шамамен он сабақтан тұрады. Одан кейін мамандандыру курсы өтеді. Волонтерлер бағыттарға бөлінеді.

«Төтенше жағдайлардағы көмекке қатысқысы келетіндер мамандармен бірге дайындықтан өтіп, оқу-жаттығу жиындарына барады. Сонымен қатар халықаралық волонтерлер мен әлеуметтік волонтерлерге арналған тренингтер өткізіледі. Әрі қарай тікелей акциялар кезінде практикалық сабақтар болады», - деп түсіндірді Шыңғыс Тілеулин.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Ұйымда 2014 жылдан бастап шамамен 2,5 мың адам оқытылды. Волонтерлер Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесті, пандемия кезінде мұқтаждарға көмек жеткізді, маскалар таратты және бұған дейін Қазақстанның астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.

 

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/24550 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 312 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 217 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4316 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена