Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер Балқаш көлінің жағалауынан 15 тоннадан астам қоқыс шығарды

Волонтерлер Балқаш көлінің жағалауынан 15 тоннадан астам қоқыс шығарды

27.08.2020 1265 0

Балқаш өзенінің жағалауынан 15 тоннадан артық қоқыс шығарылды. Экосенбілікке Балқаш әкімі Ораз Таурбеков те өз тобымен бірге қатысты. Еріктілер құрамында мектеп оқушылары мен студенттер де болды.

Жағалау аймағының түрлі учаскелерін екі сағаттан артық жинады. Жастар, әкімшілік қызметкерлері мен бей-жай емес қала тұрғындары 2,5 км жүріп, қоқыс жинады. Қалдықтар арнайы техникамен шығарылды.

- Бұл акция толығымен біздің белсенділермен бастама алды. Оның басты шабыттандырушысы -  Анар Адамбекова. Танысқаннан кейін, қаламыздың экологиясы үшін алаңдайтын бұл кісінің жүрегі кең екенін түсіндім. Біз әріптестерімізбен акция туралы естіген бетте ойланбастан қолдауға бел будық, - дейді, Балқаш әкімі Ораз Таурбеков.

Еске салатын болсақ, екі апта бұрын қала тұрғыны Анар Адамбекова жағалаудан қоқыс жинауды ұйымдастырды. Отбасымен демалып жүріп, адамдардың серуеннен кейін қалдықтарын жинамай кеткен жайттардың куәгері болды. Жағалау қоқысқа толы еді. Бірінші кезекте өз отбасымен және таныстарымен жинап, 230 қап қоқысты медициналық колледжге қарсы жағалау маңындағы учаскеге тасыды.

Әкімшілік техникамен көмектесті. Ал балқаш кәсіпкерлерінің бірі жағалауда қоқысқа арналған контейнер орнатты.

Қазір эконауқан жандана бастады - оған мектеп оқушылары мен студенттер қосылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/bolshe-15-tonn-musora-vyvezli-volontery-s-poberezhya-ozera-balhash?lang=kk 

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4148 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1281 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 888 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена