Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы волонтерлердің назарына! Ежелгі Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстарына шұғыл түрде волонтерлер қажет

Нұр-Сұлтан қаласындағы волонтерлердің назарына! Ежелгі Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстарына шұғыл түрде волонтерлер қажет

17.08.2021 2228 0

Нұр-Сұлтан қаласындағы волонтерлердің назарына!

Ежелгі Бозоқ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін шұғыл түрде волонтерлер қажет.

Талаптар: 18 жастан асқан, жігіттер немесе шыныққан қыздар (жұмыста физикалық белсенділік қажет болады).

Басталуы – 2021 жылдың 18 тамыз күні. Ұзақтығы – бір апта немесе одан да көп.

Жұмыс таңғы 09:00-дан кешкі 18:00-ге дейін, түскі ас беріледі. Күн сайын Нұрсұлтан қаласынан Ильинкаға дейін жол жүру ақысы (35 автобус) өз қалтаңыздан, ал Ильинкадан қазба жұмыстары өтетін жерге дейін көлік беріледі.

Қатысушылар өздерінің жұмыс істеген сағаттарына байланысты Ұлттық волонтерлер желісінің ұсыныс хаты мен электрондық сертификатына ие болады және Asyl Mura бағдарламасы бойынша білім беру дәрістерінің цикліне еркін қатыса алады.*

Байланыс үшін Ватсапп +7 705 218 13 57.

Соңғы жаңалықтар
30.03.2026 35 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Толығырақ
30.03.2026 39 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Толығырақ
18.03.2026 34 0
Шекарасыз волонтерлік: халықаралық тәжірибе үшін үздік сайттар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена