Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Орал қаласында волонтерлер 40 мың масканы тегін таратты

Орал қаласында волонтерлер 40 мың масканы тегін таратты

25.07.2020 1492 0

БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жақыныңа жанашыр бол! Маска тағайық!» шарасы аясында үлестірілген әр қораптың ішінде 3 дана медициналық маска бар. Шаһардың волонтер қыз-жігіттері 23 шілде күні «Жасыл ел» штабында жиналып, 40 мың масканы қабылдап алды.

Арнайы қорғаныш киімін киген еріктілердің бір бөлігі маскаларды шағын қораптарға салса, екінші топ алдын ала дайындалған арнайы көліктерге тиеді. «Орал жастары» қозғалысының волонтері Дулат Жүсіпқалиевтің айтуынша, әркім коронавирус қатерінің сейілмегенін жете түсініп, қорғану құралдарының инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін ұғынуы маңызды.

«Карантин уақытында, өкінішке қарай, кейбір азаматтар қарапайым сақтық шараларын ескермейді. Қоғамдық орындарда, көшелерде серуендеу кезінде медициналық маска тақпайды, арақашықтықты сақтамайды. Сондықтан түрлі себептермен бетпердесіз жүрген қала тұрғындарына еріктілер сақтық шараларын еске сала отырып, медициналық маскалар мен үнпарақтар ұсынды. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде», деді Д.Жүсіпқалиев.

Шараға 150-ден астам «Жасыл ел» сарбаздары, «Орал жастары», «Ақжайық жастары» волонтерлері атсалысты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда дәріханаларда жоқ дәрілерді заңсыз сатқан тұрғынның жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.





Дерек көз: https://www.inform.kz/kz/oral-kalasynda-eriktiler-40-myn-maskany-tegin-taratty_a3676227 

Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 171 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 290 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 305 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена