Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Түркістанда кейбір таксилер жедел жәрдем көлігінің қызметін атқарып жүр

Түркістанда кейбір таксилер жедел жәрдем көлігінің қызметін атқарып жүр

12.07.2020 1592 0

Түркістан облысының Келес ауданында коронавируспен күреске такси жүргізушілері де үлес қосып жатыр. Қарапайым жүргізушілер ерікті ретінде жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, дәрігерлерді науқастардың үйлеріне жеткізіп салады.

Қазір пневмонияның ауыл-аудандарда да кең етек жаюына байланысты дәрігерлердің жұмысы екі есе көбейген. Жаппай ауырып жатқан сырқаттардан бөлек күнделікті аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған аналарды, қарттар мен мүгедек азаматтарды үйлеріне барып, жағдайларын білу керек.

Ал ауруханада жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Жаяу аралайтын болса бәріне үлгіру мүмкін емес. Сондықтан жергілікті такси паркі ерікті ретінде дәрігерлерге тегін қызмет көрсетеді. Ақ халаттылардың айтуынша, жедел жәрдем көлігі жағдайы ауыр науқастарға барады. Такси паркі дәрігерлердің күнделікті жүріп тұруына 20 көлік бөлген. Жүргізушілердің барлығы бетперде тағып, қауіпсіздік талаптарын сақтайды. Көлік ішін үнемі залалсыздандырып отырады. Осының арқасында жедел жәрдем қызметінің жұмысы жеңілдеп, емханалардың алдында кезек азайды.

Жұмахан Ескендіров, Келес ауданының тұрғыны:

 - Медицина қызметкерлерімен бірге ерікті ретінде жүріп жатырмыз. Жоғары қысымы барларға, жүрегі ауыратын кісілерге жәрдем ретінде жүріп жатырмыз. Балалар дегенде ешқандай қарсылық жоқ. Өздері ерікті боп қосылып, жұмысты бірге атқарып жатырмыз. Күнделікті шақырту болады, соған уақытысында барып, көмегін көрсетіп қайтып жатырмыз.

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/408282-t-rkistanda-taksi-zh-rgizushileri


Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 2017 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2740 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2038 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена