Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Таразда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Таразда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

04.06.2020 1622 0

Онда 22 мекеменің мамандары тегін кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24». Жастар фронт-кеңседе білім беру, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар тұрмыстық қиын жағдайға тап болғандар психолог мамандардың да кеңесін ала алады. Орталық жұмысына волонтерлер де тартылған.

Олар биыл туризм саласын дамытуға негізделген 21 жобаны жүзеге асырмақ. Орталыққа келген жастарға алғашқы болып кеңесті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев берді. Өңір басшысы белсенділермен кездесіп, бос уақытты тиімді жұмсауға шақырды. Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі: – Пікір-талас орталығы болу керек. Сонда жақсы болады. Әсіресе демалыс күндері кешке шығу керек. Өйткені біреу оқиды, біреу жұмыс істейді. Қол бос уақытында осында келеді. Серікбол Берікқожа, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: – 2019 жылы 22 мың жасқа кеңес берілген болса, жастарымыздың 10 процентін құрайды. Біз осы 10 процентті көтеру мақсатында кең көлемде кеңес беріп, қызмет көрсету мақсатында кеңес беру орталығын ашып отырмыз.


Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1983 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2715 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2018 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена