Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өтті

Елордада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өтті

04.06.2021 958 0

Бүгін, 4 маусым күні, елордада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Автошеруге елорданың жастар ұйымдарының мүшелері, ҚХА мүшелері, сондай-а, волонтерлер қатысты. Акция барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.

"Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздер күні еліміздің республикалық жастар ұйымдарының бастамасымен патриоттық акт жарияланды, оны біз еліміздің барлық өңірлеріндегі әрбір жас қазақстандыққа жолдаймыз. Әрине, бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы жылында болып жатқан оқиғалардың символдық мәні бар, өйткені Тәуелсіздік жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер беріп, көкжиегін кеңейтті. Тәуелсіздіктің арқасында жастарымыз халықаралық аренада танылып, спортта, өнерде, ғылымда, қоғамдық қызметте биіктерге жетті. Бүгінгі таңда патриоттық актіге енгізілген сөздер біздің тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығы туралы сөздер болды. Менің ойымша, олар біздің жастарымызды демеп, жақсы жетістіктерге жетуге, жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылыстарын арттырады", — деді "Жарасым" жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Дереккөз: https://astana.gov.kz/ru/news/news/27590 

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1977 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2705 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2010 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена