Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды

Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды

05.06.2025 545 0

Ағымдағы жылдың 29-31 мамыр аралығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аймақтық волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Красные скалы» демалыс аймағында волонтерлік ұйымдар көшбасшыларына арналған екі күндік жазғы мектеп өтті.

Шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 100 жас қатысты. Олардың қатарында Шымкент қаласының белсенді жастары да болды.

Жазғы мектептің негізгі мақсаты – жастар арасында волонтерлік қызметке деген қызығушылықты арттыру, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту және көшбасшылық қабілеттерді дамыту.

Іс-шара бағдарламасына волонтерлік бағыттағы тренингтер, топтық жұмыс, тәжірибелік сабақтар, ұжымдық ойындар мен спорттық жарыстар енді. Сондай-ақ қатысушылар үшін тауға серуен ұйымдастырылды. Бұл белсенді шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етті.

Кешкі уақытта «Достық» отты алауы жанында еркін форматтағы бейресми кездесулер өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа достар тауып, тәжірибе бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы мектеп волонтерлік қозғалысты дамытып, жастар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға оң ықпал етті.

Дереккөзі: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ 

Соңғы жаңалықтар
20.04.2026 116 0
Орталық Азиядағы волонтерліктің жаңа рөлі: көмектесу уақыты
Толығырақ
17.04.2026 216 0
«Игі істер марафоны» жобасы 20 сәуір күні қайта басталады!
Толығырақ
13.04.2026 179 0
Aman! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена