Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды

Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды

05.06.2025 772 0

Ағымдағы жылдың 29-31 мамыр аралығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аймақтық волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Красные скалы» демалыс аймағында волонтерлік ұйымдар көшбасшыларына арналған екі күндік жазғы мектеп өтті.

Шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 100 жас қатысты. Олардың қатарында Шымкент қаласының белсенді жастары да болды.

Жазғы мектептің негізгі мақсаты – жастар арасында волонтерлік қызметке деген қызығушылықты арттыру, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту және көшбасшылық қабілеттерді дамыту.

Іс-шара бағдарламасына волонтерлік бағыттағы тренингтер, топтық жұмыс, тәжірибелік сабақтар, ұжымдық ойындар мен спорттық жарыстар енді. Сондай-ақ қатысушылар үшін тауға серуен ұйымдастырылды. Бұл белсенді шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етті.

Кешкі уақытта «Достық» отты алауы жанында еркін форматтағы бейресми кездесулер өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа достар тауып, тәжірибе бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы мектеп волонтерлік қозғалысты дамытып, жастар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға оң ықпал етті.

Дереккөзі: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ 

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена