Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда волонтерлер маскалар таратып карантин сақтауға шақырады

Нұр-Сұлтанда волонтерлер маскалар таратып карантин сақтауға шақырады

22.05.2020 1455 0


КАЗИНФОРМ – Нұр-Сұлтанда тұрғындармен карантин ережелерінің жиі сақталмауына байланысты қала волонтерлері көшеде маскалар мен медициналық қолғаптар тарата отырып, карантин режимін сақтауға шақырды, деп  МИА «Казинформ» тілшісі хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласы волонтерлік штабтын орталығы. Штаб карантинге дейін де белсенді жұмыс істеді. Елорда волонтерлері аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесті, көшелерді тазалайды. Ал карантин уақытында олардың көмектерінің өзектілігі артты. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен карантиннің әлі де жалғасып жатқанын есте сақтауымыз керек. 


Аурудың екінші толқының алдын алу мақсатында қалалық волонтерлер штабы бірнеше волонтерлық ұйымдармен, полиция департаментімен бірлесе отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп «Астана жастары» ресурстық орталығының басшысы  Аян Ерментаев тілшілерге айтты.


Ол жұмыстың егжей-тегжейін түсіндірді. «50-ге жуық волонтерлер қаладағы адамдар көп келетін аудандарға, саябақтарға барып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларының қажеттілігін түсіндірді.

Аялдамаларда көп адамдар болады, оларға автобусқа маска кимей кіруге болмайтындығы туралы ескертілді. Біз тұрғындардан адамдар көп жүретін жерлерге қажеттіліксіз бармауды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз», - деді спикер. Азамат Садықов, «Нұр-Сұлтан» ЖП жергілікті полиция бөлімінің бастығы мұндай шаралар елордада коронавирустың екінші толқынын болдырмауға көмектеседі деп санайды. 



«Өздеріңіз білетіндей, төтенше жағдай 11 мамырдан бастап алынып тасталды, бірақ карантин әлі де жалғасуда. Соған сәйкес, елордалық полиция департаментінің қызметкерлері карантиндік шараларды, оның ішінде, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, біз волонтерлермен бірге азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау үшін таратқан маскалар берілді», - деді А.Садықов.


«Менің пікірімше мұндай шаралар көмектесу керек. Олар арқылы азаматтар карантиннің аяқталмай жалғасып жатқанын білетін болады. Сол себепті біз карантин шараларының қатаюын болдырмау мақсатында маскалар киіп жүру және алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз», - деп толықтырды.  Полиция қызметкері егер адамдар сақтық шараларына немқұрайлы қарайтын болса, карантин режимін қатаңдату мүмкіндігі болатындығын жоққа шығармады.









Дерек көзі: inform.kz https://www.inform.kz/ru/v-nur-sultane-volontery-razdayut-maski-i-prizyvayut-soblyudat-karantin_a3651800

 

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4072 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1246 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 851 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена