Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қызылордалық волонтерлер компьютер үлестіріп жатыр

Қызылордалық волонтерлер компьютер үлестіріп жатыр

21.09.2020 1086 0

Қызылорда да қашықтықтан оқуға қажетті техникасы жоқ оқушыларға, бүгін тегін компьютерлер таратылды. Волонтер жастар құрастырған құрылғылар 30 балаға қуаныш сыйлады. Бір ай бұрын жергілікті жастар игі бастамаға ұйытқы болған еді. Істен шыққан компьтерлерді тұрғындардан жинап, оңдап, мұқтаждарға жеткізіп берді. Сегіз жастағы Азамат туғаннан бері церебральды сал ауруымен ауырады. Денсаулығына байланысты сабақты үйден оқиды. Бірақ онлайн оқу ол үшін де оңай болмай тұр. Өйткені қажетті техникасы жоқ. Осыны ескерген волонтерлер, өздері құрастырған компьютерді әкеп берді. Жаңа емес демесеңіз, ғаламтордан білім алуға жарап тұр.      

Азамат НӘКІБАЕВ: Мен екінші класс оқимын. Маған компьютер әкелгеніңізге рахмет. Мен енді соткамен емес, компьютермен оқимын. Оқушыға қажетті дәл осындай техника бүгін отыздан аса мұқтаж жандарға жеткізілді. Ауылдарды айтпағанда, Қызылорда қаласының өзінде электронды құрылғыға қол жеткізе алмай отырған оқушы көп. Үйдегі жалғыз телефонға күні қарап отырғандарға көмек көрсетуді волонтерлер қолға алған еді. Олар тамыз айында бастама көтеріп, істен шыққан, жарамсыз техникаларды тұрғындардан жинады. Кем-кетігін жөндеп, іске жаратты.  

Алмат ҚУАНЫШБАЕВ, ЕРІКТІ:   Бұл акция тоқтамайды деген ойдамыз. Жылдың аяғына дейін созылады. Қазір ноутбугтер келіп жатыр.  Сол ноутбугтерді ремонттау үстіндеміз. Оларды да ертең біз жаймендеп табыстаймыз.   Волонтерлердің үндеуіне қолдау білдірген қызылордалықтар көп болды. Бір айдың көлемінде жүзден аса адам ескі техникаларын тапсырған. Тегін таратылған бұл компьютерлер тегін жөнделеді.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:   Құрылғыдан қандайда бір ақау шықса, айти мамандар жауапкершілікті өз мойындарына алып отыр. Оған қоса, техникаларын істен шыққан барлық оқушыларға ақысыз қызмет көрсетпек.


Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/56752/ 

https://24.kz/ru/news/social/item/423956-v-kyzylorde-volontjory-otremontirovali-i-podarili-detyam-kompyutery 


Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 69 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 83 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 119 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена