Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысында азық-түлік тарату акциясы өтті

Қарағанды облысында азық-түлік тарату акциясы өтті

18.03.2020 1955 0

Коронавирус індетінің алдын алу шараларын күшейту мақсатында Қазақстанның барлық аумағында Төтенше жағдай жарияланды. Волонтер жылы аясында «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабы және «Тамшы KZ» қайырымдылық қорының бастамасымен Қарағанды облысында тұратын көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға қажетті азық-түлік тарату акциясы өтті.
Акция аясында белсенді волонтерлер 2 отбасына қолғабыстық жасады. Аталмыш шараға демеушілік жасаған «Елдос» дүкенінің басшысы Сая ханымға алғыс білдіреміз.❤
Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз! #BizBirgemiz

Дерек көзі: https://www.instagram.com/p/B91ym6WpKFf/?utm_source=ig_web_copy_link





Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3759 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3604 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 3001 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена