Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елорда күнінде волонтерлер туралы

Елорда күнінде волонтерлер туралы

06.07.2021 2019 0



Волонтер – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, яғни өз еркімен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын адам дегенді білдіреді. Әскерге өз еркімен баратын адам деген мағынасы да бар.

Олар қоғамда ерекше орын алады. Өйткені, волонтерлер жасаған қызметі үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілікті талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. "Волонтерлер кімдер, олар немен айналысады, олар осындай қызметке не үшін барады?" бүгін біз осы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

Егер сіз өзіңізге осы сұрақтарды қойсаңыз, онда сіз бірден жауап бере алмайсыз.

Волонтерлер немен айналысады?

Волонтерлер жалғыз және топ болып, өз еркімен және өз таңдауы бойынша жұмыс істейді. Волонтерліктің жиі кездесетін түрлері – жетім балаларға, мұқтаж адамдарға немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек. Белгілі бір мереке кезінде олардың мемлекет мүддесі үшін қоғамға өз еркімен көмекке келуі де «волонтерлік» қызмет болып табылады.

Егер қазақ тілінің сөздігіне үңілсек, «волонтер» сөзінің синонимі болып табылатын «асар» сөзін алуға болады. Асар-Ауыл-Аймақ, көршілік – мұқтаж жандарға тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті дәстүрге де айналды. Сондықтан «волонтер» сөзін кейінірек немесе жаңа ғасырда пайда болған термин ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі қазақ халқында бұл сөздің тамыры бұрыннан бар.

Волонтер болу сізге қандай мүмкіндік береді?

Волонтер болу, жоғарыда айтқанымыздай, сізге ешқандай материалдық пайда бермейді. Бірақ оның орнына сіз ризашылық, алғыс аласыз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Волонтер болған кезде сіз көп тәжірибе жинайсыз.

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/43809/   

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 82 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 94 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 122 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена