Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!

Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!

28.05.2025 3651 0

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналарына арналған заманауи «Bala space» атты коворкинг аймағы салтанатты түрде ашылды. Жобаның жалпы ауданы – 160 шаршы метр.


Коворкинг аймағы 4 негізгі бөлімнен тұрады:
• Кітапхана – балалар мен ата-аналар үшін түрлі әдебиеттермен жабдықталған;
• Шахмат ойнау аймағы – логикалық ойлау мен зияткерлік дамуға арналған;
• Шығармашылық аймағы – сурет салу, қолдан жасалатын бұйымдар мен түрлі мастер-класстар өткізуге арналған;
• Үстел ойындары аймағы – отбасылық және топтық ойындарға арналған кеңістік.

Жоба «Жүректен жүрекке» қорының бастамасымен, «Шеврон» компаниясының қолдауымен және корпоративтік волонтерлікті дамыту аясында жүзеге асырылды.


Атырау облысында өткен кітап жинау акциясының нәтижесінде волонтерлер 500-ге жуық кітап жинады. Сонымен қатар, 30-дан астам үстел ойындары коворкингке тартылды.

«Bala space» – бұл балалар мен ата-аналар үшін жайлы әрі шабыттандыратын орта. Бұл жер – тек демалуға емес, дамуға да мүмкіндік беретін ерекше кеңістік.

Дереккөзі: https://www.instagram.com/zhurekten_zhurekke/

Соңғы жаңалықтар
05.12.2025 81 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
05.12.2025 220 0
Халықаралық волонтерлер күні: еріктілердің ТЖ алдын алуға және жоюға қосқан үлесі
Толығырақ
05.12.2025 56 0
Халықаралық волонтерлер күні туралы: жеке бастама жаһандық күшке айналған кезде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена