Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!

Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!

28.05.2025 3874 0

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналарына арналған заманауи «Bala space» атты коворкинг аймағы салтанатты түрде ашылды. Жобаның жалпы ауданы – 160 шаршы метр.


Коворкинг аймағы 4 негізгі бөлімнен тұрады:
• Кітапхана – балалар мен ата-аналар үшін түрлі әдебиеттермен жабдықталған;
• Шахмат ойнау аймағы – логикалық ойлау мен зияткерлік дамуға арналған;
• Шығармашылық аймағы – сурет салу, қолдан жасалатын бұйымдар мен түрлі мастер-класстар өткізуге арналған;
• Үстел ойындары аймағы – отбасылық және топтық ойындарға арналған кеңістік.

Жоба «Жүректен жүрекке» қорының бастамасымен, «Шеврон» компаниясының қолдауымен және корпоративтік волонтерлікті дамыту аясында жүзеге асырылды.


Атырау облысында өткен кітап жинау акциясының нәтижесінде волонтерлер 500-ге жуық кітап жинады. Сонымен қатар, 30-дан астам үстел ойындары коворкингке тартылды.

«Bala space» – бұл балалар мен ата-аналар үшін жайлы әрі шабыттандыратын орта. Бұл жер – тек демалуға емес, дамуға да мүмкіндік беретін ерекше кеңістік.

Дереккөзі:https://www.instagram.com/zhurekten_zhurekke/

Last news
29.06.2026 1981 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Read more
25.06.2026 2709 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Read more
24.06.2026 2014 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена