Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматыда коронавируспен күресуге медқызметкерлер мен волонтерлер қажет

Алматыда коронавируспен күресуге медқызметкерлер мен волонтерлер қажет

02.07.2020 1615 0

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров қаладағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларда медициналық кадрлар жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

– Өкінішке қарай, пандемия ұзаққа созылды. Төрт айдан бері менің әріптестерім алдыңғы қатарда, тәулік бойы пандемиямен күресуде. Қалыптасқан күш-жігерге қарамастан, жағдай бізден қосымша күш жұмылдыруды, қосымша ауруханалар ұйымдастырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуді талап етеді, – деді Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, осыған байланысты медициналық кадрлардың қазіргі және болашақтағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қосымша мамандарды жұмылдыру қажет болып отыр.

– Қазіргі уақытта жұқпалы ауруханаларда, провизорлық стационарларда және зертханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, волонтерлер қажет. Біз медицина қызметкерлерін пандемиямен күресуге көмектесуге шақырамыз, – деді ол.

Фото: https://dixinews.kz/articles/zhizn/44350/
Дерек көз:https://qamshy.kz/article/58243-almatyda-koronaviruspen-kuresuge-medqyzmetkerler-men-volonterler-qadget

Соңғы жаңалықтар
08.06.2026 1557 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн-тренингтің нәтижелері жарияланды!
Толығырақ
05.06.2026 1619 0
Көктемгі игі істер апталығы өз мәресіне жетті!
Толығырақ
01.06.2026 2412 0
БАҚ өкілдері мен коммуникация саласының мамандарына арналған онлайн-тренинг
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена