Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Көлік полицейлері волонтерлерді алғыс хаттармен марапаттады

Көлік полицейлері волонтерлерді алғыс хаттармен марапаттады

05.12.2020 1081 0

Көліктегі полиция департаменті жыл сайын 5 желтоқсанда "Экономикалық және әлеуметтік даму үшін халықаралық волонтерлер күні" ретінде атап өтілетін Дүниежүзілік Волонтерлер күні қарсаңында Нұр-сұлтан қаласының "Менеджмент және бизнес" колледжінің волонтерлерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланғанын білесіздер.

Біздің Департамент волонтерлер мен волонтерлер қозғалысын қолдауға көп көңіл бөледі. Бүгінгі іс-шара волонтерлердің біздің өмірімізде үлкен рөл атқаратынын растайды. Олардың жұмысы шын мәнінде ерекше назар мен ризашылыққа лайық", - деп атап өтті Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Маймишев. Оның айтуынша, жыл басынан бері көлік полицейлері волонтерлермен бірге көптеген жұмыстар атқарған. Волонтерлер көптеген рейдтерге, құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шараларға және коронавирустық инфекцияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі акцияларға қатысты.

Іс-шара барысында ең белсенді 15 волонтер мен 18 қоғамдық көмекші еліміздің авиа және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлерге көрсеткен көмегі үшін Департамент басшылығы құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек, бүгінгі таңда көліктегі полиция департаменті мен еліміздің 25 оқу орнымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, оның ішінде академиялар, университеттер мен колледждер бар. Сонымен қатар, мұндай іс-шараларды аумақтық желілік бөлімшелердің бастықтары да өткізді. Олар 35 волонтер мен қоғамдық көмекшілерді марапаттады.

Дереккөз: https://24.kz/ru/news/social/item/440486-transportnye-politsejskie-nagradili-volonterov-blagodarstvennymi-pismami 

Соңғы жаңалықтар
08.05.2025 216 0
Күнтізбедегі игі істердің тағы бір айрықша күні — 9 мамыр, Жеңіс күні!
Толығырақ
05.05.2025 8935 0
Жұлдыздың волонтерлік жолы: шабыт, жауапкершілік және шынайы ықылас
Толығырақ
02.05.2025 1290 0
«ЖАЗҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР МЕКТЕБІНЕ» ҚАТЫСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена