Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Оралда волонтёрлер базарларда рейд өткізді

«Таза Қазақстан»: Оралда волонтёрлер базарларда рейд өткізді

12.06.2025 1314 0

Орал қаласында волонтёрлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында базарларда рейд ұйымдастырды. Әдеттегі қап пен күрек орнына жастар тұрғындарды қоқыс тастамауға үндейтін флаерлермен жабдықтанды, деп хабарлайды «24KZ».

Волонтёрлер 30-ға жуық кәсіпкерлік нысан өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар бұл орынды бекер таңдамаған – орталық базар ауданы қаланың ең проблемалық аймақтарының бірі саналады.

Жыл басынан бері экологиялық акцияларға 5 мың адам қатысып, 10 мың текше метрге жуық қоқыс жиналып, 19 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Нұрсұлтан Сәрсенбаев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

– Базар ауданы – халық ең көп жиналатын орын. Мұнда жүздеген сауда нүктесі орналасқан. Көптеген кәсіпкерлер сауда орындарының айналасындағы тазалықты сақтамайды. Сондықтан біз тазалық акциясын осындай креативті форматта өткізуді жөн көрдік. Халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, 100 флаер тараттық, кәсіпкерлермен әңгімелестік.

Дереккөзі: https://24.kz/ru/news/social/714644-taza-kazakstan-rejdy-na-rynkakh-proveli-volontjory-uralska

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2063 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2531 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3216 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена