Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Таза Қазақстан»: Оралда волонтёрлер базарларда рейд өткізді

«Таза Қазақстан»: Оралда волонтёрлер базарларда рейд өткізді

11.06.2025 1149 0

Орал қаласында волонтёрлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында базарларда рейд ұйымдастырды. Әдеттегі қап пен күрек орнына жастар тұрғындарды қоқыс тастамауға үндейтін флаерлермен жабдықтанды, деп хабарлайды «24KZ».

Волонтёрлер 30-ға жуық кәсіпкерлік нысан өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар бұл орынды бекер таңдамаған – орталық базар ауданы қаланың ең проблемалық аймақтарының бірі саналады.

Жыл басынан бері экологиялық акцияларға 5 мың адам қатысып, 10 мың текше метрге жуық қоқыс жиналып, 19 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Нұрсұлтан Сәрсенбаев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

– Базар ауданы – халық ең көп жиналатын орын. Мұнда жүздеген сауда нүктесі орналасқан. Көптеген кәсіпкерлер сауда орындарының айналасындағы тазалықты сақтамайды. Сондықтан біз тазалық акциясын осындай креативті форматта өткізуді жөн көрдік. Халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, 100 флаер тараттық, кәсіпкерлермен әңгімелестік.

Дереккөзі: https://24.kz/ru/news/social/714644-taza-kazakstan-rejdy-na-rynkakh-proveli-volontjory-uralska

Last news
15.03.2026 167 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Read more
13.03.2026 181 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Read more
06.03.2026 188 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена