Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Тараздық волонтерлер автокранмен балконға көтеріліп ардагерлерді құттықтаған

Тараздық волонтерлер автокранмен балконға көтеріліп ардагерлерді құттықтаған

21.05.2020 1363 0

Жеңіс күніне орай облыстағы 57 ардагерге миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Тараздық волонтерлер соғыс ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тараздық волонтерлер автокран арқылы 98 жастағы Мұсахан Бердібаев пен 94 жастағы Мүтәліп Ережепбаевтың балкондарына дейін көтеріліп, оларға гүл шоқтарын сыйлады. Жастар соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдірсе, қарт майдангерлер өз кезегінде тағылымды батасын берді.

Айта кетейік, өңірде ардагерлерге құрмет пен ризашылық білдіру мұнымен толастамайды.

«Жеңіс күніне орай облыстағы 57 ардагерге миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалған жоқ. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4247 адам 50 мың теңгеден алды. Сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың 350 жесірі мен мүгедектерінің әйелдері де осындай көлемде әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Ал, Ленинград блокадасында болғандар мен концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарына 60 мың теңгеден төленді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, аймақтағы Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек алған.

Жалпы, облыс бойынша барлығы 6650 адамға бір реттік әлеуметтік көмек көрсету үшін 500 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Дерек көзі:https://inbusiness.kz/kz/last/tarazdyk-eriktiler-avtokranmen-balkonga-koterilip-ardagerlerdi-kuttyktady

Соңғы жаңалықтар
25.06.2026 666 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 1276 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
22.06.2026 1938 0
Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена