Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордалық волонтерлер мұқтаж жандарға құрбандық етін таратты

Елордалық волонтерлер мұқтаж жандарға құрбандық етін таратты

01.08.2020 1454 0

Құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады. Құрбан шалу үшін "Qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Құрбандық еті әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға бөлінеді. Қазіргі уақытта елорда мешітіне аз қамтылған отбасылардан 4 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Әлеуметтік көмекті таратуға 500-ге жуық елордалық ерікті мен 200 автоволонтер көмектесіп, өз көліктерімен мұқтаж адамдардың үйіне дейін жеткізеді. Айта кету керек, еріктілер етті бөлуден бастап, жеткізуге дейін басы-қасында жүреді.

Қоғамдық қауіпсіздікті, адамдардың көп жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болады. Қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Аталған сайтта кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады.

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. "Qurban2020.kz" сайтында мұқтаж жандарға арнайы "Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру" фунциясы да іске қосылды. Тиісті құжаттарды жүктеу арқылы мұқтаж отбасылар әлеуметтік көмек алу үшін онлайн өтініш жолдай алады. Сонымен қатар елорда аумағына сату мақсатында ірі қара мал мен қой кіргізу шектеледі. Дін істері басқармасы тұрғындарды санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Дерек көз: https://egemen.kz/article/244071-elordalyq-eriktiler-muqtadg-dgandargha-qurbandyq-etin-taratuda 

Соңғы жаңалықтар
07.09.2026 314 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2212 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2655 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена