Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елорда волонтерлері мектеп оқушыларына тәлімдік-репетиторлық көмек көрсетуде

Елорда волонтерлері мектеп оқушыларына тәлімдік-репетиторлық көмек көрсетуде

29.08.2020 1314 0

Олар оқушыларға оқу үлгерімдерін жақсартуға, емтихандарға дайындалуға көмек көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың оқу үлгеріміне көмектеседі. Жоба Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынды. Аталмыш бастама еріктілер жылы аясында «Біргеміз: Білім» жалпыұлттық жобасы негізінде жүзеге асуда.

Жалпы еріктілер 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде «Біргеміз: Білім» жобасы бойынша қаладағы оқушыларды, әсіресе жоғарғы сынып оқушыларын емтиханға, ҰБТ-ға, көптеген олимпиадалық сайыстарға дайындауға көмектеседі.

Білікті мамандар ерікті қызметінде өз білімі мен тәжірибесін оқушыларға үйретеді. Олар қазақ тілі, ағылшын, информатика, физика және т.б. пәндер бойынша репетитор болады. Күніне 1-2 сағат уақыт бөліп, бір пән бойынша бір ай оқытып, дайындайды. Яғни, бір адамға 30 сағаттан кем емес уақыт жұмсалады.

«Қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды іріктеп алуға тырысамыз. Тізімді Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасымен бірлесе отырып әзірлейміз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасын іздеп, мониторинг жасап, іріктеп аламыз. Біз тек олардың оқу үлгерімінің жақсы болуын қадағалап қана қоймай, сонымен қатар 100 шақты оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен де қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Аталмыш бастама карантин жағдайында онлайн-форматта өтеді. ZOOM, Skype, Whats App, т.б. әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, тәлімдік-репетиторлық жұмыстар жүргізіледі.

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/24224 

Соңғы жаңалықтар
08.05.2025 216 0
Күнтізбедегі игі істердің тағы бір айрықша күні — 9 мамыр, Жеңіс күні!
Толығырақ
05.05.2025 8935 0
Жұлдыздың волонтерлік жолы: шабыт, жауапкершілік және шынайы ықылас
Толығырақ
02.05.2025 1290 0
«ЖАЗҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР МЕКТЕБІНЕ» ҚАТЫСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена