Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордалық волонтерлер Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуде

Елордалық волонтерлер Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуде

27.09.2020 1275 0

150 ардагер тұрақты патронатпен қамтылған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық волонтерлер Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуді жалғастыруда. «Birgemiz: Qamqor» ұлттық жобасы аясында волонтерлер еңбек ардагері Барлыбай Абелдиновке барды.

Волонтерлер қарияның үйін жинады, сонымен қатар Magnum супермаркеттер желісі ұсынған қажетті өнімдері бар себетті табыстады.

«Волонтерлер Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетеді. Олардың мекен-жайларын қалалық ардагерлер кеңесі ұсынады. Қыста 80-нен астам зейнеткерге аулаларындағы қарды тазартуға көмектесті. Карантин басталғаннан бері 150-ге жуық адам көмекке тартылды. Оларға азық-түлік себеттері жеткізіледі, волонтерлер де үй жұмыстарына көмектеседі», - дейді жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Қазіргі уақытта жастар ресурстық орталығының штаб-пәтерінде 2500 волонтер тіркелген, олардың 1500-і волонтерлікке белсенді қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды. Елорданың волонтерлер штабы құрылғалы, яғни 2014 жылдан бастап шамамен 2,5 мың адам оқытылды. Волонтерлер Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесті және Мақтаарал ауданындағы зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинады, азық-түлік себеттері мен алғашқы қажеттіліктерді, сондай-ақ пандемия кезінде мұқтаждардың мекен-жайларына бетперделер мен дәрі-дәрмектер жеткізді. Волонтерлер төтенше жағдайлар мен карантин кезінде мобильді топтардың рейдтеріне де қатысты.

Сонымен қатар олар бұған дейін Қазақстан астанасында болған халықаралық іс-шараларға қатысты.

 

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/24564 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена