Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Бала құқықтары жөніндегі клубтың" кураторы бол!

"Бала құқықтары жөніндегі клубтың" кураторы бол!

14.09.2021 1127 0

Өтінімді 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін беріп үлгеріңіз.

"Балалар құқықтары жөніндегі клубтар" – бұл Балалар құқықтары туралы ақпаратты таратуға, оларды ілгерілетуге, тең-теңімен қағидаты бойынша елдің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысуға бағытталған қызметтерді атқаратын оқушылардың бастамашыл топтары. 12 жастан 18 жасқа дейінгі клуб мүшелеріне олардың қызықты жұмысына көмектесетін кураторлар қажет!

Жобаның бірінші легінде 150 баладан 16 клуб құрылды.

Клубтар санын арттыру жоспарына байланысты біз 18-25 жас аралығындағы ең мықты 50 волонтер-кураторларды іздейміз, олар төмендегілер бойынша көмектеседі:

- клубтардың жұмысын ұйымдастыруда;

- балалардың қауіпсіздігі және есептілік мақсатында клубтардың әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы белсенділіктерге мониторинг жүргізуде;

- балаларды қолдау және ынталандыруға;

- балаларға арналған бейресми іс-шараларды ұйымдастыруда: әлеуметтік желілердегі челлендждерден караокеге дейін!

Республикалық жобаға қатысу және балалар құқығы бойынша мектеп клубтарының дамуына өз үлесіңізді қосу қызықтыра ма?

Ендеше сауалнаманы мұқият толтырып, барлық сұрақтарға адал жауап беруіңізді сұраймыз.

Конкурстық іріктеуден өткен волонтерлермен біз 27 қыркүйекке дейін хабарласатын боламыз!

Сіздерді волонтер-кураторлар командасында күтеміз!

Қосымша сұрақтар бойынша жоба үйлестірушісі Александраға @alexandrakrashinina, 8 705 96 27 419 хабарласуға болады.

Сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoaBtxI_jrJcPxne_gSSvSKisJmKYDm_JBUrjXgqavFhihHg/viewform?usp=sf_link  

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена